Қалалық мектеп баскетбол лигасында жеңіс!
13-16 қараша аралығында «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ-де баскетболдан қалалық жарыс өтті. 7-8 сынып ұлдар арасында біздің мектеп командасы 1 орынды иеленді. Балалар бірде-бір жеңіліске жол бермей, тамаша ойын деңгейін көрсетті. Біздің оқушылар облыстық кезеңде Петропавл қаласының намысын қорғайды. Балаларды және олардың жаттықтырушысы Артем Игоревич Баженовты құттықтаймыз! Сіздергеге алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!