Меню KDT

Жаңалықтар

«Сиқырлы сандық»

Мектеп кітапханасы 14 қазан күнінен бастап 1 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Сиқырлы сандық» ақпараттық-танымдық жобасын бастады. Жобаның мақсаты-отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту.Балаларды кітап оқуға баулу қоғамымыздың басты мәселелерінің бірі.Өкінішке орай, қазіргі ақпараттандыру заманында балалардың кітапқа деген көзқарасы өзгерді, кітап оқуға деген қызығушылық азайды.Кітап оқу- біріншіден адамды ойшыл қылдыратын еңбек. Балалық шақта пайда болған кітап оқуды ұнатпау, мәтін қабылдаудағы қиындықтар әдетте адам бойында өмір бойы жүреді.Балалардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда отбасы, әсіресе ата-ананың кітап оқу мәдениеті үлкен рөл атқарады. Кітап оқымайтын ата-ана, кітап оқымайтын бала тәрбиелейді.Әлемдік тәжірибе баланы кітапқа, кітап оқуға мүмкіндігінше ертерек, атап айтқанда отбасында баулыту  керектігін көрсетеді. Біздің міндетіміз- отбасындағы қолайлы психологиялық климатты  негізі ретінде отбасылық кітап оқу тәжірибесін насихаттау.

«Сиқырлы сандық»-отбасымен бірге оқу үшін балалар әдебиетінің үздік шығармаларынан,  түрлі-түсті  кітаптармен әшекейленген сөмке. Ата-аналарға балаларға кітап оқыту психологиясы, кітап оқуға баулыту жайлы пайдалы кеңестер, «Кітап оқитын баланың ата-анасы болу қалай?» , «Оқырман тәрбиелеу»,  «Отбасылық кітап оқу-өтпелі дәстүр ме әлде мәңгілік құндылық па?» тақырыптарында жадынама, буклеттер қойылған.Ата-анамен кері байланыс орнату үшін ұсынымдар мен тілектер дәптерін қоса қойдық. Біздің жобада «Айналмалы пошта» принципі қолданылады-сөмке бірі отбласынан екінші отбасына беріліп, үш ай саяхаттайды.Жоба аясында «Менің сүйікті кітап кейіпкерім» байқауы жарияланды. Шарт бойынша –сүйіп оқитын кітапқа жылы лебіз, шығарма жазып, сурет салып немесе қолөнер бұйымын жасауға болады. Ата-аналарға арнап «Менің сиқырлы сандықшам» фотобайқауы жарияланды. Оның қорытындысы қаңтар айында шығады. Сол күні «Кітап арқылы көрген әлім» мерекесі өтеді, онда байқау және фотокөрме презентациясының жеңімпаздары марапатталады.Сіздерге жағымды кітап оқу-бірінші сынып отбасыларына жақсы қарым-қатынас тілейміз!



 

 



Просмотров: 242

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда157
  • Осы аптада41
  • Кеше2
  • Бүгін4
  • Желіде:0

Полезные ссылки