Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында мектеп кітапханасында «Тәуелсіздіктің қанатында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау, оқушылардың санасында мемлекет пен тәуелсіздік құндылықтарын нығайту, ұлттық өзіндік сана мен толеранттылықты тәрбиелеу. Республиканың тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі халықаралық қатынастар, экономика мен саясат, ғылым мен техника саласындағы жетістіктерін ашатын кітаптар ұсынылды. Сіздерді көрмені тамашалауға шақырамыз!