«Оқу мектебі» жобасын жүзеге асыру аясында Тәуелсіздік күні қарсаңында мектепте «Қазақстан – мейірімділік пен достықтың аймағы» атты оқырмандар байқауы өтті. Сайысқа 1-6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімдерді тәрбиелеу: туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік; өз халқының мәдени мұрасына құрметпен қарау.
Балалар қазақ және орыс тілдеріндегі шығармаларды мәнерлеп, әсерлі оқыды. Сайысқа 29 оқушы қатысты. Балалар орыс және қазақ ақындарының түрлі тақырыптағы Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін өлеңдер, халықтар достығына арналған жыр жолдары, туған елдің табиғатының сұлулығын ашатын шумақтары бар шығармаларды оқыды.
Көркем оқуды меңгеру – көркемдік шеберлік, оқушылардың ауызша сөйлеудің интонациялық мәнерлілігін, мәтінді білуін, сөйлеу техникасын арнайы құрылған қазылар алқасы кітапхана меңгерушісі Кабулова Г.М. және мектеп мұғалімдері Жұмабаева Г.Ж., Бисарина Г.А., Карташова А.Н. бағалады.
Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.