Меню KDT

Жаңалықтар

№ 5 және № 13 мектептері арасында дебат сайысы

Пікірсайыс – қызықты әрі тартымды ойын! Мектебіміздің «Диспут» дебат клубы осы ойынға көбірек адамдарды тартуға арналған, оқушыларға өз құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оқушылар пікірсайыс командасының мүшелерімен  ойнаса бір бөлек, ал басқа мектептерден келген командалардың бейтаныс өкілдерімен ойындар өткізілгенде мүлде басқаша. Бүгін, 14 желтоқсанда тарих онкүндігі аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында № 5 және  № 13 мектептері арасында арасында бірінші пікірсайыс ұйымдастырылды.

Пікірталас Британдық Парламенттік форматта (BPF) өтті. Барлығы 4 команда қатысты: біздің мектептен екеуі («Халық» командасы: Фахрутдинов О. 11 сынып, Жакупова Д. 7 «А» сынып; «Құстар» Мұхамадиев Д. 7 «Б» сынып. және Ташенов. Р 9 «А» сыныбы) және №13 мектептің екі командасы («Алау» және «Алау-3»). Қазылар алқасы болып  мектептің тарих мұғалімдері: Фирсов О.С. және Татаренко В.Н., сонымен қатар 7 «Б» сынып оқушысы Коваленко Ева атқарды. 2 кезең, екі резолюцияда ойнады. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар  көптеген жағымды эмоцияларға ие болды, шешендік қабілеттерін дамыту үшін құнды тәжірибе алды, белгілі бір көзқарасты дәлелдеуге және қорғауға үйренді.

Турнир қорытындысы бойынша «Халық» командасы (Фахрутдинов Олег және Жакупова Дамира) бірінші орынды жеңіп алды. «Үздік спикер» атағын №13 орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы Краснова Дарья иеленді.Келесі тоқсанда біздің «Диспут» пікірсайыс клубының №13 орта мектебіне жауапты сапары жоспарланған.



Просмотров: 151

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда169
  • Осы аптада42
  • Кеше5
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки