Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 5-6 сынып оқушылары арасында «Өз Отаныңды таны» зияткерлік ойыны өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың эрудициясы мен интеллектуалдық деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасы туралы білімдерін жүйелеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Әр сыныпты 5 адамнан тұратын команда ойын көрсетті. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Әр команданың мақсаты - әр кезеңде мүмкіндігінше көп ұпай жинау, жылдам әрекет ету, ойлауды және ой ұшқырлығын көрсету. Балалар қазақ және орыс тілдерінде сұрақтарға жауап берді. Жұмбақтарды шеше отырып, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде білімдерін көрсетті. «Өз ойыным» турында Қазақстан Республикасының атаулы күндері , рәміздері, қалалары,тарихы, өсімдіктері мен жануарлары туралы білімдерін сарапқа салды. Тартыста 6-А және 6-Б сынып командалары көбірек ұпай жинады. Олар Жорғаның ақтық сынына қатысты. Мұнда балалар 15 сұраққа еш ойланбастан жылдам жауап берулері керек болды. Қорытынды бойынша 2-орынды 6-Б сынып командасы иеленді. Ал 6-А сынып командасы «Өз Отаныңды таны» интеллектуалдық ойынының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!