Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектебімізде 9-11 сынып оқушылары арасында конференция өтті. Елбасымыз Қ.Қ.Тоқаев атап өткендей: «Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс. Әрине, Тәуелсіздік күнінің түпкі мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Десек те, бұл күнді тәуелсіздікке сүбелі үлес қосқан халық батырларымызды еске алу күні ретінде атап өту керек» – деген болатын. Сондықтан шара форматы конференция түрінде таңдалды.
Шара басында кіріспе сөз мектеп директоры Смаилова Күлімкөз Қайырбайқызына берілді. Мектеп оқушылары алдында сөйлеген сөзінде ол әрбір ел азаматы үшін тәуелсіздіктің мәңгілік құндылығын атап өтті. Оқушыларды өз іс-әрекеттеріне, өз еліне деген көзқарасына үлкен жауапкершілікпен және ар-ожданмен қарауға шақырды.
Отансүйгіштік пен азаматтық қазақстандық қоғам өмірінің әлеуметтік ғана емес, рухани-адамгершілік, идеологиялық, мәдени, тарихи, әскери-патриоттық және басқа да аспектілерін біріктіретін аса маңызды құндылықтарға айналып отырғаны айтылды.
10-сынып оқушылары Токубаева Сабина мен Шарипов Сәбит Отанымыз – Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің қалыптасуындағы басты белестерді атап өтті. Алғашқы қойылым 1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаны қамтыды. Екінші қойылымда 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдану кезеңдері мен маңызын қамтыды. Қойылымдардан кейін көрермендер сұрақтар қойды. Шағын пікірталас, өзекті тақырыптар бойынша дискурс ұйымдастырылды. 9-11 сынып оқушылары қарапайым пассивті тыңдаушылар ретінде шет қалмай, талқылау процесіне қатысты.
Баршаңызды келе жатқан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын. Бұл мереке Қазақстанның егемендігі, халқының бостандығы үшін күрескендерді еске алу болып табылатындықтан, ел үшін ерекше маңызға ие.