Меню KDT

Жаңалықтар

«Мен елімді жырлаймын»


20.12.2022ж. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер» туралы Заңының 65- бабына сәйкес, қалалық «Мен елімді жырлаймын» фестивалі өтті.

Бұл фестивалға «№5 орта мектеп» оқушылары, Ахмет Байтұрсыновтың 150- жылдығына байланысты «Жас Ахметтанушылар» атты әдеби – музыкалық композициясы ұсынылды. Әдеби-музыкалық композицияның жүргізушілері 10- сынып оқушылары Лащевский Иван және Токтубаева Сәбина қазақ тілінде еркін, мәнерлі сөйлеп жүргізді.

Оқушылар, Ахмет Байтұрсыновты - ғалым, әдебиетші, аудармашы ретінде таныстырды. Жас Ахметтанушылар, өздерін ғалым ретінде көрстіп, ақынныңң еңбектерімен таныстырып және өздерін Ахметтің орнына қойып көрсетті. Олар, егер мен ғалым болсам... деген сөзімен бастады. Жас ғалымдар ролін 10-сынып оқушылары Халитов М, Шарипов С ойдағыдай орындап шықты.

Әдебиетші ретінде – 8 «б» сынып оқушысы Жиганшина Д және 3 «а» сынып оқушысы Гугняк О Ахметтің өлеңдерімен таныстырып өтті. Осы оқушылардың мәнерлі оқу шеберлігі, көрермендерді тәнтті етті.

Ахметтің «Анаға хат» өлеңінің көрінісін қазақ тілі мұғалімі Бисарина Гүлмира Айтбайқызы және 9-сынып оқушысы Пытьев Роман ойнап шықты. «Зар Заман» өлеңімен Ахметтің тұтқынға түсіп, анасына жазған хаты, анасының хатты алған кездегі көрініс, анасының көзіне жас алып, көкірегі жарылып, баласына деген сағынышын сахна алдында ойнап шықты.

Ақынның ұстазы Абай болғандықтан, Абайдан үлгі алған ақын ретінде, 4 «г» сынып оқушылары Коротаев К және Алиева Сура «Шегірте мен құмырсқа» туралы сахналық көрініс көрсетті. Бұл әдеби кеш «Көгершін» өлеңімен аяқталды.

Қатысқан оқушыларға алғысымды айтамыз. Мектеп оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз. Тілек білдірушілер: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ӘБ-ң жетекшісі Жұмабаева Г.Ж және қазақ тілі мұғалімі Тюляева Б.Т.



Просмотров: 134

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда170
  • Осы аптада43
  • Кеше5
  • Бүгін3
  • Желіде:1

Полезные ссылки