Жаңа жылдық ғажайыптарды, сиқырлы өзгерістерді және шытырман оқиғаларды біздің балаларымыз сияқты ешкім күтпейді. Сондықтан да мектебімізде жаңа жылдық шыршаға деген көзқарас ерекше. Шарамыздың басты мақсаты –балалардың көңіл-күйін көтеру, мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.
Міндеттері:
- эмоционалды жауап беру қабілетін дамыту.
- Орындаушылық әрекеттерге қосылуға үйрету би билеу, ойнау, ән айту.
- Өзін-өзі қуанта білуге, өзгеге қуаныш сыйлай білуге тәрбиелеу.
Оқушылар қойылымға киініп, мерекеге көңілді келді. Және олардың үміттері ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысушылар өздерінің бар шығармашылық қабілеттерін, әртістік шеберліктерін, ынта-жігерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы өнерпаздар ретінде көрсетті. Олар әртүрлі ертегі кейіпкерлеріне айналды: ұзын шұлық Пеппи, ойнақы Дунно, мұңайған Мыстан кемпір , сүйкімді Ақшақар, ақкөңіл Аяз ата! Қойылым басталғаннан-ақ ертегі кейіпкерлері балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне өздімен бірге саяхаттауға баулап әкетті.
Балалар шытырман оқиғалы мерекелік атмосфераға еніп, қызықты ойындарға қатысты. Аяз атаның келуімен нағыз мереке шырша айналасында ән мен биден, айналып билеуден басталды.
Жаңа жылдық қойылым кезінде мереке атмосферасы, сиқырлық салтанат құрды, барлық қатысушылардың жағымды эмоционалды көңіл-күйі сезілді.