«Қысқы демалыстағы 10 кітап» Акциясы
Демалыс-оқушылар мен жасөспірімдер үшін «мектеп бағдарламасынан» тыс кітап оқуға мүмкіндік беретін кез. Баланың кітап оқудан ләззат алуы маңызды. «Оқырман мектеп» жобасы аясында қысқы демалыстарда «Демалыстағы 10 кітап» Акциясы өткізілді. Мектеп кітапханашысы балалардың жас ерекшелігіне қарай мынандай көркем шығармалар ұсынылды:
| Кіші буын |
1 | Қазақ ертегілері (таңдау бойынша ) |
2 | Орыс халқының ертегілері (таңдау бойынша ) |
3 | Э. Гофман «Жаңғақ жарғыш және тышқан королі» |
4 | Волков А. «Меруерт қаласының сиқыршысы» |
|
|
| Орта буын |
5 | А. Беркимбаева «Дәуіт атаның ертегілері» |
6 | В. Короленко «Жерасты балалары» |
7 | Алпамыс батыр, Қобыланды батыр, Ер тарғын (қазақ фольклорі) |
|
|
| Жоғарғы буын |
8 | М. Әуезов «Сұр қаһарлы» |
9 | С.Сервантес «Дон Кихот» |
10 | А. Беляев «Амфибия-адам» |
Акцияның негізгі мақсаттары: балалар мен жасөспірімдердің назарын кітаптың маңыздылығына, кітап оқудың қызықты екендігіне аудару; балалар мен жасөспірімдерге кітапты еркін оқу үшін таңдауға көмектесу, оқуға ең күшті ынталандыруды - олар сенетін және құрметтейтін адамдардың кеңестерін пайдалану; балалардың оқу үйірмесіне ең жақсы балалар кітаптарын, оның ішінде олардың ата-аналарының, ата-әжелерінің балалық шақтағы сүйікті кітаптарын қосу.