Меню KDT

Жаңалықтар

«Сиқырлы сандық» жобасының аяқталуы

 

2022 жылдың 15 қазанында басталған «Сиқырлы сандық» ақпараттық-танымдық жобасының мәреге жетуіне байланысты 2023 жылдың 1 ақпан күні  1-сынып оқушылары үшін «Кітап арқылы көрген әлем» мерекесі өтті. Бұл күні бірінші сынып оқушыларына сандықшалар табыс етілді, оларда ата-аналарға арналған кітаптар, жадынамалар, баланы кітап оқуға қалай баулыту керектігі жайлы буклеттер болды. Сондай-ақ балаларға бірге оқуға арналған кітаптар үлестірілді. Үш жарым ай бойы «сақина пошта» қағидасы бойынша сандық бір отаудан екінші отауды аралады. Бұл жобаның мақсаты:

отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту. Мереке жүргізушілері, мектеп парламентінің мүшелері, 9а сынып оқушылары Рыбалкина Лидия мен Жақсымбет Махаббат балалармен ертегі викторинасын өткізді, жұмбақтар жасырды. Балаларға қонаққа Дымбілмес пен Білгіш рөліндегі, 3а сынып оқушылары Досмаилов Степан және Батяев Александр келді. Жобаға қатысушылардың өздері - бірінші сынып оқушылары - қойылымдар дайындады: олар би биледі, тақпақ айтты, қысқа өлеңдер айтты. Мереке жылы, достық атмосферада өтті. Бірінші сынып оқушылары «Сиқырлы сандық» жобасы аясында өткізілген байқауларға қатысқаны үшін сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.



Просмотров: 181

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда170
  • Осы аптада44
  • Кеше7
  • Бүгін6
  • Желіде:0

Полезные ссылки