14 ақпанда әлемнің 40-тан астам елінде Халықаралық кітап сыйлау күнін атап өтіледі, бұл күні адамдар достарымен, туыстарымен, тіпті бейтаныс адамдармен кітап сыйлықтарын бөлісіп, кітапханаларға, балалар үйлеріне, мектептерге және қайырымдылық ұйымдарына кітап сыйлайды. 1-20 ақпан аралығында қала мектептерінде «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты: белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, Отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, мектепке деген жауапкершілік пен құрмет, балаларды кітап оқуға баулу.
Баршаңызды осы акцияға қатысуды сұраймыз!