Мектебімізде «Біз салауатты өмір салты үшін» атты үгіт-насихат топтарының сайысы өтуде. Ол оқушылардың өз бойында белсенді өмірлік ұстанымын, өз денсаулығына құнды көзқарасын және өз іс-әрекеті мен мінез-құлқына жауапкершілігін дамытуға бағытталған.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Міндеттері: оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
жасөспірімдерді бос уақыттың ұйымдастырылған түрлеріне тарту;
оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасын қалыптастыру;
салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс түрлерін пайдалану.
Оқушыларға белсенді өмірлік ұстанымы мен салауатты өмір салтына саналы түрде ұмтылуға насихат жүргізілді.
Үгіт-насихат топтарының қойылымдары жан-жақтылығымен, оң көзқарасымен, өзектілігімен, шығармашылық дербестігімен ерекшеленді. Дегенмен, сөз сөйлеген барлық қатысушылар: «Жастар салауатты өмір салтын, спортты, қоғамдық белсенділікті, өмірді жақсартып, қызықтырақ етуге ұмтылуды жақтайды», - деп бірауызды болды.
Байқау қорытындысы бойынша сайыста жеңімпаздар анықталды:
1 орын – 5в, 6в сыныптары
2 орын – 5а, 6а сыныптары
3 орын – 5б, 6б сыныптары
Қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз, салауатты өмір салтын насихаттауда шығармашылық жеңістер мен жаңалықтар тілейміз!