09.02. 2023ж. бөлімнің дінтанушы Ахметбекова А.Ж. және теолог Абдувалинов Д.О. 8 және 10 сынып оқушыларымен «Экстремизм және терроризм – қоғамға және жеке адамға объективті қауіптер» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында экстремизм мен терроризм, дәстүрлі емес діни ағымдар ұғымдарына анықтамалар берілді, сонымен қатар діни материалдарды заңсыз тарату және сақтау үшін жауапкершілік, дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жазалау түрлері жайлы айтылды.
Зайырлылық, конфессияаралық келісімнің маңыздылығын түсіндіру, дәстүрлі діндердің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру, теологиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінді. Балалар өздері қойған сұрақтарына нақты жауап алды.