Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру мақсатында 22 ақпан күні 9 сынып оқушылары арасында «Менің қалам-Петропавл» тақырыбында өлкетану ойын-викторинасы өткізілді. Аталған шарада оқушылар қала мен өңіріміздің тарихымен, саяси, еңбек, мәдени,спорттық өмірімен танысуға мүмкіндік алды. Ойын барысында оқушылар үш топқа бөлінді. Ойын нәтижесі бойынша 1 орынды- «Адам болу », 2 орынды «Аблайхан», 3 орынды «Достық» командалары иеленді. Ойын қызықты өтіп, қатысушылар мадақтама қағазымен марапатталды.