Меню KDT

Жаңалықтар

«Жұлдызды тамшылар» мектеп таланттарының фестивалі

 

   «Жұлдызды тамшылар» мектеп таланттарының фестивалі – мектептің дәстүрлі іс-шарасы. Фестивальдің мақсаты – балалардың бойындағы таланттарын ашуға жағдай жасау, оқушылардың шығармашылық және актерлік қабілеттерін дамыту, балалар ұжымында сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру. Фестиваль балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы мен мәдениетін кеңінен насихаттауға, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық сезімдерін дамытуға, сондай-ақ сынып ішінде мұғалімдермен және ата-аналармен достық байланысты нығайтуға ықпал етеді.

 

Фестивальге оқушылар вокалдық шеберлік, хореография, көркем оқу, гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар, каратэшілердің демонстрациялық қойылымдары бойынша қабілеттерін көрсетіп, зор ықылыспен қатысады. Аспаптық орындауға гитарада, синтезаторда және скрипкада ойнады. Сондай-ақ, балалар сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

Мұндай іс-шаралар қатысушылардың  шығармашылықпен көрсетуге жағдай жасайды, кәсіби шеберлікті шыңдап, орындаушылық мәдениет деңгейін көтеруге көмектеседі. Оқушылар бойында  еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және жаңа жетістіктерге ұмтылуға тәрбиелейді.

Әрбір қатысушы тамаша, жанды қойылым көрсетті. «Жұлдызды тамшылар» мектеп дарындарының фестивалі мектебіміздің игі дәстүрі.



Просмотров: 127

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда171
  • Осы аптада44
  • Кеше8
  • Бүгін3
  • Желіде:0

Полезные ссылки