Оқушыларды шұғыл эвакуациялауға дайындық2023 жылдың 12 мамырында «№5 орта мектеп» КММ-де терроризмге қарсы әрекет орын алған жағдайда 1-11 сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлері үшін шұғыл эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Ғимараттан эвакуацияланған барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлері спорт алаңына орналастырылды. Директордың орынбасарлары эвакуацияланушылардың болуы туралы мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің есептерін қабылдады.
Оқушылардың саны сынып журналының тізімімен салыстырылды. Шаруашылық меңгерушісі тех. қызметкерлердің бар-жоғын тексерді. Қабаттардағы балаларды эвакуациялауға жауаптылар үй-жайларда адамдардың бар-жоқтығын тексерді. Эвакуацияның барысы туралы барлық ақпарат мектеп директорына берілді. Эвакуацияға жауапты адамдардың барлығы қажетті нұсқауларды орындады. Эвакуация бекітілген жоспар бойынша жүрді. Ғимараттан эвакуацияланған адамдардың саны туралы оқу жетекшісіне баяндауға эвакуация сигналы берілген сәттен бастап адамдарды ғимараттан толық эвакуациялау уақыты 3 минутты құрады.
Оқу-жаттығуға барлығы 690 адам қатысты, оның 615-і оқушылар болса, 75-і барлық санаттағы мектебіміздің қызметкерлері болды. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Экстремизмге қарсы күрес департаментінің жедел уәкілдері полиция подполковнигі Едрисов Д.Н., Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Мұхамадиев М.О.
«Қорғау» ЖШС мамандандырылған күзет қызметі қатысты.