17 мамырда 8-сынып оқушылары Халықаралық музейлер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан полициясы басқармасының мұражайымен өткен «Музейдегі түн» іс-шарасына қатысты. Шараның салтанатты ашылуында мектебімізге өскелең ұрпаққа азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін алғыс білдіріліп, мектеп кітапханасына «Жеңіс жолдары» естелік кітабы табыс етілді. Мерекелік шара барысында балалар құқық қорғау органдарының әр жылдардағы қызметі туралы баяндайтын мұражайдың көшпелі көрмесімен танысты. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мұражайы мен мектебіміздің ынтымақтастығы жалғасын табады.