«Солнышко» мектеп алаңының 1 маусымының жабылу салтанаты көңілді де тартысты өтті. Әр жасақ ауысым кезінде концерттік нөмірлер дайындады. Балалар жалынды билер, флешмобтар ұсынды, бірге ән шырқады. Бірінші сынып оқушыларынан құралған жасақ қысқа да көңілді әндерді орындап қана қоймай, әртістік қабілеттерін көрсетіп, сахналық көрініс көрсетті. Попова Анна Қазақстан туралы өзінің өлеңдерін оқыды. Балалардың әрқайсысы өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Концерттен кейін балалар«Синемапарк» кинотеатрына барды.Осында оларға « Су перісі» мультфильмін көру ұсынылды.