Меню KDT

Жаңалықтар

Мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасы күніне орай фойеда мектеп кітапханасы көрме-көрініс ұйымдастырды.

Мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасы күніне орай фойеда мектеп кітапханасы көрме-көрініс ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекетінің кезеңмен құрылуы туралы оқушылардың білімін кеңейту мен байыту .Сонымен қатар оқушылардың бойында ел тарихына деген қызығушылықты дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, өз жерін тереңірек білу құштарлығын арттыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау,Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз ұлтының тарихына мақтаныш сезімін білдіру басты мақсат болып табылады.

Қазақстан -көп ұлтты мемлекет, елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тату-тәтті, бірлікте тұрады. Қазақстан халықтары барлық ұлттар мен этникалық топтардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, мәдениетін құрметтеп, бейбіт өмір сүруде.

Көрмеге мемлекетіміздің құрылуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін, республика тарихындағы айтулы сәттерді баяндайтын, өткеніміздің жарқын жақтарын көрсететін кітаптар қойылған. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен  әдет-ғұрыптары туралы да  кітаптар бар. Көрменің мағынасы терең, әсіресе өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор.

Сіздерді көрмені тамашалауға шақырамыз!

 



Просмотров: 121

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда138
  • Осы аптада33
  • Кеше3
  • Бүгін6
  • Желіде:1

Полезные ссылки