Мектептің Қамқоршылық кеңесін қайта сайлау туралы
«№5 орта мектеп» КММ жаңа Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңесі оқушылардың құқықтарын қорғалуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.
Шақырылады: жергілікті атқарушы, орындаушы және құқық қорғаушы органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестік өкілдері, коомерциялық емес ұйым өкілдері, аталған білім беру ұйымының параллель сыныптарынан ата-аналар ұйымы ұсынған ата-ана мен заңды өкілдері, қайырымдылық ұйымының өкілдері.
Ұсыныстар 2023жылдың 22 қыркүйегіне дейін қабылданады.
(өтініш білім беру ұйымының қабылдау кабинетінде немесе school_5@sqo.gov.kz электрондық поштасында қабылданады.)
Құрметпен, мектеп директоры Смаилова К.Қ.