Меню KDT

Жаңалықтар

«Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру

   Мектептің тәрбие жұмысы және «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 16 қарашасында С.Мұқанов атындағы кітапханада 5 «Б» және 5 « сынып оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өтті.  Мекеме қызметкерлері кітапхананың құрылымы, оның кітап қоры мен қолжетімді электронды ресурстарды пайдалану ережелері туралы айтып, анықтамалық-іздестіру жүйесімен, кітап қорымен, тақырыптық сөрелермен, кітап көрмелерімен таныстырды. Мектеп оқушыларына каталогтармен жұмыс істеу, электронды кітапханадан қажетті ақпаратты іздеу, республикамыздағы жоғары оқу орындарының электронды оқу және ғылыми ресурстарын біріктіретін электронды кітапхана мәліметтер базасын пайдалану және басқа да ресурстар көрсетілді. Оқушыларға робототехника бойынша түрлі үйірмелерге бару, көркем әдебиет оқу, заманауи әдебиеттің жаңа түрлерімен (комикс, манга, фантастика және т.б.) танысу ұсынылды.

Кітапхана экскурсияға  келушілерді бей-жай қалдырған жоқ!



Просмотров: 32

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда271
  • Осы аптада54
  • Кеше8
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки