Меню KDT

Жаңалықтар

«Қазақстан – менің жарқын болашағым» ұлттық байқауының қорытындысы

 

     2023 жылдың 11 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Республика күніне орайластырылған «Қазақстан – менің жарқын болашағым» ұлттық байқауын өткізді.

   Байқаудың мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, әлеуметтік жауапкершілікке және Қазақстан мүддесіне қызмет етуге дайын болуға тәрбиелеу, жоғары адамгершілікті, үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру.

Байқау балалардың бойында рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға бағытталды.

Байқау екі бағытта өтті: эссе байқауы және сурет байқауы. Сурет байқауына Қазақстан халқының бірлігі мен достығы туралы шығармалар ұсынылды немесе қатысушылар Отанды болашақта елестеткендей, Қазақстанды 10, 20, 30 жылдан кейін қалай көретіні туралы сурет салды.

Бұл сайысқа 8 «Б» сынып оқушылары Жексымбаева Амина мен Анкудинова Ксения қатысты. Ксенияның жұмысы дипломмен марапатталды. Ксенияны құттықтаймыз!



Просмотров: 42

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда283
  • Осы аптада65
  • Кеше11
  • Бүгін5
  • Желіде:4

Полезные ссылки